23.06.2014
КО-ның техникалық регламенті мәселелері бойынша конференция өтті
Техникалық реттеудің күн тәртібінен алынбай тұрған мәселелер «Дөңгелекті көлік құралы қауіпсіздігі туралы» конференцияда талқыланды, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінен хабарлады.
23.06.2014
Қызылорда облысында аудандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірлесіп Шиелі ауданында Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
23.06.2014
«Зенит-М» ұшыру кешені 2015 жылы Қазақстанға қайтарылады - Т.Мұсабаев
«Зенит-М» кешенін Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарып, қазақстандық тарапқа тапсыру 2015 жылдың қаңтар айына көзделген, деп Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
23.06.2014
Алматыда ОАЭАБ мүше елдерінің отырысы өтті
Алматыда ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен Орталық Азия экономикаларының БҰҰ арнайы бағдарламасының (ОАЭАБ) Көлік және шекаралардан өту жөніндегі Жобалық Жұмыс Тобының 19-шы отырысы өтті.
23.06.2014
Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум аясында инвесторлармен бірқатар келісім орнатылды
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінде Қазақстанның бірінші агроөнеркәсіптік инвестициялық форумының алғашқы қорытындысы жасалды.