23.06.2014
Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Иордания парламентінің ынтымақтастығы арта түспек
Парламент Мәжілісінде Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Иордания Парламенті Сенатының Спикері Абдур-Рауф Рауабде кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту болашағын талқылады.
23.06.2014
15:00 - «ҚР ҰКП І съезіне әзірлік» тақырыбындағы брифингтің онлайн көрсетілімі
23 маусым күні сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі Екатерина НИКИТИНСКАЯНЫҢ қатысуымен брифинг өтеді.Онда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І съезіне әзірліктің барысы туралы сөз болады.
23.06.2014
Астанада қала күніне орай жастар Достық аллеясын отырғызады
Астанада қала күніне орай жастар Достық аллеясын отырғызады, деп ОКҚ баспасөз отырысында «Қырғызстан-Астана» этномәдени ұйымының төрағасы Шавкат Ысмайылов мәлімдеді.
23.06.2014
Бизнес жүргізуге жағдай жасау – Н.Назарбаевтың еңбегі - кәсіпкер
Бүгінде Қазақстандағы экономикалық реформалардың ішінде кәсіпкерліктің басымдылыққа ие болуы мемлекеттің экономикалық саясаттың бір бағыты болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономиканың бұлжымас заңдылығы. Өз кәсібінің білгірі, күніміздегі үздік кәсіпкерлердің бірі «Web factory» студиясының жетекшісі Руслан Қомытовтың пікірінше, бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалынған. Онда Н.Назарбаевтың еңбегін ескерусіз қалдыруға болмайды.
23.06.2014
Қазақстанда ерікті донорлық 50 пайызды құрайды – Ш.Мұсабекова
Бүгінгі таңда Қазақстандағы қайтарымсыз ерікті донорлық 50 пайызды құрайды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова.