06.07.2014
Хорватияда Қазақстан бас қаласының күніне орай іс-шаралар өтті
Хорватияның астанасында еліміздің бас қаласы күніне орайластырып Қазақстан Республикасымен таныстыру рәсімі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Хорватиядағы ҚР Елшілігі мен Загреб қаласының Даг Хаммершельд атындағы Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі болып табылды, деп ҚР СІМ сайты хабарлады.
06.07.2014
Мәжіліс депутаты Ж.Ахметбековтың Астана күнімен құттықтауы (ВИДЕО)
«Құрметті қазақстандықтар, құрметті астаналықтар сіздерді Астана күнімен құттықтаймын! Елордамыз әрқашан өсіп, өркендей берсін. Отбасылырыңызға бақыт пен береке тілеймін», - деді ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков.
06.07.2014
Ақмола облысында Астана күні тойлануда
Көкшетаудың «Тәуелсіздік» алаңында «Астана, мерейтойың құтты болсын!» деген атпен елорданың 16 жасына арналған мерекелік шара өтті.
06.07.2014
Мереке күндері қалада қауіпсіз болады - Мейрам Ысқақов
Бүгінде жас Астана өзінің 16 жас мерей тойын атап өтуде. Қалада түрлі мерекелік шаралар көптеп ұйымдастырылған. Ал, осындай салтанатты шараларды көзбен көруге туристер мен қонақтар көптеп жиналды. Осы ретте олардың қауіпсіздік мәселесінің маңызы артуда. Астаналық Төтенше жағдай департаментінің бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақовтың сөзіне сенсек, мереке күндері қалада қауіпсіз болады.
06.07.2014
Астананың үздік суреттері «Астана.Evolution» көрмесіне қойылды
Астанада алғаш рет Тәуелсіздік Сарайының заманауи өнер галереясында жас фотографтардың «Астана.Evolution» халықаралық фотокөрмесі өтті. Шара Қазақстан Республикасы Астанасының он алтыншы туған күніне арналды.