09.07.2014
Электронды үкімет порталы арқылы 17 миллионнан астам электронды қызмет көрсетілді
Жыл басынан бері egov.kz порталы арқылы 17 миллионнан астам электронды қызмет көрсетілді, деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.
09.07.2014
Қостанай облысында ірі қара малының халықаралық бәссаудасы өтті
Қостанай облысында атақты Әулиекөл және Шарөле асыл тұқымдарының ірі қара малының халықаралық бәссаудасы өтті. Онда 260 мың бас бұзау мен бұқа бәссаудаға шығарылды. Ірі қара малдарын сатып алу үшін Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның өңірлерінен сатып алушылар жиналды.
09.07.2014
Елордада «Астана-заң» құқықтық порталы іске қосылды
Бүгін Астана қалалық әділет департаменті мен ҚР Заңгерлер одағының елордалық филиалы «Астана-заң» (www.astanazan.kz) құқықтық порталын ашты.
09.07.2014
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ұлттық гвардия құрамы командасының жиынына қатысты
Бүгін Президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Қ.Қожамжаров «Орталық» өңірлің командалау әскери бөлімінің базасында өткен Ұлттық гвардия құрамы командасының оқыту-әдістемелік жиынына қатысты.
09.07.2014
Шымкентте бизнес-идеялар байқауына 35 команда қатысты
Шымкентте жастарға арналған бизнес-идеялар байқауына жоғарғы оқу орындары мен колледждің 70 студентінен құрылған 35 команда қатысты, деп жазады palata.kz.