09.07.2014
Есірткі заттарын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісім ратификацияланды
Мемлекет басшысы «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
09.07.2014
Қазақстан мен Тайланд арасында мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев Тайланд Корольдігінің Мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңсесінің Жауапты хатшысының орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды.
09.07.2014
Тайландтық тарап мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа қызығушылық танытып отыр – Ә.Бәйменов
Тайландтық тарап мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа қызығушылық танытып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою барысында.
09.07.2014
Астанада Қазақстан мен Тайланд арасындағы ынтымақтастық мәселесі қаралды
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Тайланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңесінің бас хатшысы орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен кездесті. Кездесу барысында тараптар мемлкеттік қызмет саласындағы өзара байланысты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.
09.07.2014
Көкшетауда жаңа өндіріс таныстырылды
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндіріс нысандарын аралады. Аймақ басшысына «Молоко Синегорья» ЖШС сүт өнімдерінің жаңа желісін және «Тыныс» АҚ - газдандыру үлгісі бойынша құю өндірісін игеру жұмысымен таныстырды.