14.07.2014
Қостанай облысында ТКШ мәселесі бойынша халыққа кеңес берілді
Қостанай облысында «Нұр Отан» партиясының «Айқын тариф – Прозрачный тариф» жобасы аясында ТКШ мәселелері бойынша халыққа кеңес берілді.
14.07.2014
Оңтүстік Корея дәрігерлері ШҚО-да 20 ота жасайды
Шығыс Қазақстан облысына Оңтүстік Кореяның Каннам Северанс ауруханасының дәрігерлері жұмыс сапарымен келді, деп ШҚО-ның Ақпарарттық орталығынан хабарлады.
14.07.2014
Қарағанды облысында шамамен 2 мыңдай үйге жылу есептегіш құрылғысы қажет
Жалпыүйлік жылу есептігіш құрылғысын орнату тетіктерін насихаттау бойынша арнайы көшпелі жұмыс тобы Қарағанды облысына барды. Топ құрамына Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өкідері мен «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ мен «ТКШ дамыту қоры» жетекшілері енгізілген.
14.07.2014
15:00 – IPhO-2014 өткізу туралы брифингтің онлайн көрсетілімі
14 шілдеде сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) президенті Ханса Йорданса, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі ж»не орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаеваның қатысуымен «Физикадан IPhO-2014 45-інші халықаралық олимпиада өткізу туралы» тақырыбындағы брифинг өтеді.
14.07.2014
Қазақстанда жаңа үйдің бағасы төмендеді – Статагенттік
2014 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату – 0,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.