14.07.2014
Елімізде 8,6 млн адам жұмыспен қамтылған
Республика экономикасында 2014 жылғы маусымда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды, деп ҚР Статистика агенттігі хабарлады.
14.07.2014
ШҚО-да кореялық дәрігерлер 5 тегін ота жасады
Шығыс Қазақстан облысында Оңтүстік Кореяның Каннам Северанс ауруханасының дәрігерлері облыстық ауруханада қалқанша без патологиясы барларға 5 тегін ота жасады, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.
14.07.2014
«Жібек жолы» Халықаралық фестивалі «Астана-опера» сахнасында өтеді
Астанада 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Астана Опера» алғашқы «Жібек жолы» Халықаралық фестивалін өткізеді. Елорда театрының сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресей және Қазақстаннан келген опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді.
14.07.2014
2014 жылғы мамырда халықтың ақшалай табыстары 61 480 теңгені құрады
2014 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 61 480 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.
14.07.2014
Электрондық цифрлық қолтаңба мобильді болады - АБА
2015 жылы қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны SIM-картаның көмегімен пайдаланатын болады. «Мобильді қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ақпарат және байланыс агенттігі.