15.07.2014
Жыл соңына дейін КЕ елдерінде роуминг тарифін төмендету туралы келісімге қол қойылады
2014 жылдың соңына дейін КО елдерінде роуминг тарифін төмендету туралы келісімге қол қойылады, деп брифинг барысында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
15.07.2014
Британдық Корольдік институтында Еуразиялық экономикалық интеграция таныстырылды
Британдық Королдік халықаралық қатынастар институтында (Chatham House) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция мен экономиканың негізгі салалары бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Татьяна Валовая Еуразиялық экономикалық интеграция жобасын жан-жақты таныстырды, деп ЕЭК-тан хабарлады.
15.07.2014
ШҚО-да инвестиция көлемі жарты жылда 2,5%-ға артты
ШҚО-да негізгі капиталға инвестиция көлімі 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында 126,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артқаны байқалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская мәлім етті, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.
15.07.2014
Өзгертілген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы өмір сүру ұзақтығына оң әсер етеді – ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтың өмір сүру ұзақтығына оң әсер етпек.
15.07.2014
2015 жылы халықтың 95%-ы сандық телеэфирмен қамтамасыз етіледі – вице-премьер (ФОТО)
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін байланыс саласындағы Өңірлік достастық басшылары кеңесінде 2015 жылы халықтың 95%-ы сандық телеэфирмен қамтамасыз етілетінін айтты.