16.07.2014
Қазақстандық күркетауық еті өндірісінің кешені өз қуатын шамамен 2 есеге көбейтті
Қазақстандағы күркетауық өсіру, сою және етін қайта өңдеу бойынша алғашқы құс фабрикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы Құс» ЖШС жылына ет өнімдерін өндіру көлемін 5000 тоннадан 8 110 тоннаға дейін ұлғайтты. Болашақта кешен 25 мың тоннаға дейін жетуді жоспарлауда
16.07.2014
Елордада пилоттық жоба аясында 100-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады
Астанада ағымдағы жылдың маусым айының ортасынан бастап «Қала тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» қанатқақты жобасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама аясында қалада 100-ден астам камера орнатылды, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
16.07.2014
Мәскеу метросында болған апатта қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ
15 шілде күні сағат 17:30-да Мәскеу метросында орын алған апатта қаза болғандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды РФ-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
16.07.2014
Көкшетауда өрт сөндірушілер үшін семинар өтті
Мемлекеттік-жеке серістестікті жетілдіру мақсатында Көкшетауда Өртке қарсы қызмет комитеті, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті, облыстар, Астана және Алматы қалалары өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын шығаратын және жөндейтін мамандандырылған отандық зауыттар мен кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп ҚР ТЖМ хабарлады.
15.07.2014
Терминологиялық сөздік: G-GLOBAL
Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды жалғастыруда.