18.07.2014
Астанада еліміздің үздік металлургтары марапатталды
Бүгін Астанада Металлургтер күніне орай ҰКП алаңында ҚР ИЖТМ, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ), Кен-металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағы мен еліміздің метталлургиялық кәсіпорындар өкілдері жиналды.
18.07.2014
Көкшетауда ЕҚҚДБ-нің консалтингтік семинары өтті
Ақмола облысының 30-дан астам кәсіпкері Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдерінің Қазақстанда ұйымдастырған семинарына қатысты, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры.
18.07.2014
Астанада франциялық профессорлар нефрология мен паразитология бойынша шеберлік сыныбын өткізді
Астанада шілденің 16-18 аралығында № 2 қалалықбалалар ауруханасында Францияның Ницца-София Антиполис Университетінің профессорлары №2 қалалық балалар ауруханасының базасында шеберлік сыныптарын өткізді. Шараның тақырыбы «Педиатрия: нефрология мен паразитологияның бүгінгі мәселелері» деп аталды.
18.07.2014
Қарағанды облысында моноқалалардың экономикасын әртараптандыру бағдарламасының байқауы жарияланды
PYXERA Global компаниясы «Даму» қоры мен Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының әріптестік бойынша USAID қаржыландыруымен «Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының алты моноқаласының кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Теміртау, Шахтинск, Абай, Сараң, Жезқазған және Сатпаев қалаларының шағын және орта кәсіпкерліктері арасында байқау жариялайды.
18.07.2014
Бұқтырма су қоймасы өткелі құрылысының инвестициялық ұсынысы сараптамадан өтеді
ШҚО Күршім ауданында Көпшілік кеңесінің отырысында Бұқтырма су қоймасы өткелі құрылысы мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.