21.07.2014
Алматы облысында құрылыс мамандықтары бойынша оқыту орталығы ашылды
Алматы облысының Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында «Кнауф» технологиясы бойынша құрылыс мамандықтарын оқытатын бірінші оқыту орталығы ашылды. Жаңа орталық кәсіптік көпсалалы колледж жанынан Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы және «Қамқор XXI» қайырымдылық қорының қолдауымен қанат жайды, деп palata.kz жазады.
21.07.2014
I жартыжылдықта «Кеңес орталығында» 6 мыңнан астам адамға кеңес берілді
«Жастар-Отанға!» жобасы аясында 2014 жылдың I жартыжылдығында ірі облыс орталықтарының базарларында орналасқан «Кеңес орталығының» барлық кеңес беру орындарында 6333 адамға кеңес берілді, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының ресми ғаламтор-ресурсы.
21.07.2014
СҚО әкімі аудандағы шағын және орта бизнестің дамуымен танысты
Жұмыс сапарымен СҚО Мәмлүк ауданына барып қайтқан аймақ басшысы Ерiк Сұлтанов өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына баса назар аударды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
21.07.2014
Канадалық делегация Қазақстандағы асыл тұқымды ірі қара малының аукционына қатысатын болды
Канадалықтардың үлкен делегациясы асыл тұқымды ірі қара малды сатуға арналған жыл сайынғы «Karasu Farm-2014» қазақстандық аукционына қатысатын болды. Аукцион 2014 жылдың 7-тамызында Қостанай облысының Қарасу ауданы Восток ауылында өтеді, деп хабарлайды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.
21.07.2014
44 миллионға жуық сома мемлекет қазынасына қайтарылды – Әділет министрлігі
Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен, «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің «Таукен-Степногор» ЖШС-не көлемі 43 956 720 теңге болатын ауылшаруашылық өндіріс ысырабының орнын толтыру туралы талабы қанағаттандырылды, деп хабарлайды ведомства.