21.07.2014
Қызылордалық ХҚКО-да жүргізуші куәлігі беріле бастады
Енді Қызылордалық ХҚКО-дан жүргізуші куәлігін беру қызметі ұсынылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
21.07.2014
Қазақстанда санавиация 840 науқасты тасымалдады
2014 жылдың І жарты жылдығында Республикалық санитарлық авиация орталығының дәрігерлер бригадасы 880 мәрте шақырту алып, 1150 медициналық және 230-дан аса консультативтік қызмет көрсетті. Осы кезеңде барлығы 840 науқас тасымалданып, 74 адамға операция жасалды, деп ҚР денсаулық сақтау миинстрлігінен хабарлады.
21.07.2014
Студенттерге е-үкімет пен ХҚКО қызметтерін пайдалану үйретіледі
Алдағы оқу жылында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттеріне «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету негіздері» дисциплинасы оқытылатын болады, деп хаьбарлайды электронды үкіметтің ресми порталы.
21.07.2014
АЭФ өткізу деңгейін қатысушылардың 85% жоғары бағалады
VII Астана экономикалық форумы барысында оның деңгейін көтеру, қатысушыларың пікірін білу мақсатында жасырын сауалнама өткізілді, деп G-global жобасының порталы хабарлады.
21.07.2014
Сервистік қызмет орталығы атыраулық кәсіпкерлерге тегін кеңес береді
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Атырауда бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған Сервистік қызмет орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.