21.07.2014
«Балам-ай» қоғамдық қоры - шексіз мүмкіндіктердің ұтымды жобасы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Махаббат пен қамқорлық - бұл екі қастерлі ұғым «Балам-ай» қоғамдық қоры қызметкерлерінің басты ұстанымы. Бұл қор мүмкіндігі шектеулі жандарға шын жанашарлық танып, қоғам өміріндегі олардың орнын арттыру мақсатында тер төгіп жүрген ұжым болып табылады.
21.07.2014
ДӨО оңтүстіктегі электрондық үкімет бағдарламаларын әрі қарай дамытудағы инфрақұрылым алаңы болмақ
Шымкентте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) ашылды. ДӨО Оңтүстік қазақстан облысындағы электрондық үкімет бағдарламаларын әрі қарай дамыту үшін инфрақұрылым алаңы болады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
21.07.2014
Өңір тұрғындарының жұмысқа орналасуы менің қатаң бақылауымда - әкім
Қарақиян ауданына барған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ауыл тұрғындарының жұмысқа орналасуы мен өңірдегі экологиялық ахуалға қызығушылық танытты, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
21.07.2014
АКТ-ға салынған инвестиция 2014 жылдың 5 айында 26,9 млрд теңге болды
2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға салынған инвестиция көлемі 26,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды «Қазақстанның даму банкі» АҚ.
21.07.2014
ШҚО-да мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері зерттелуде
ШҚО-да мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған сараптамалық фокус-зерттеу басталды. Жұмыс тобы архитекторлық-қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сараптама қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар беріледі, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.