21.07.2014
СҚО-да нәресте өлімі үштен бірге дейін азайды
Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісі Қанат Сақтағанов жиын барысында өңірдегі нәресте өлімі деңгейі 38,7% азайғанын айтты.
21.07.2014
Қазақстан мен Беларусьтың Бас прокуротуралары ынтымақтастық туралы келісімге отырды
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюкпен кездесті. Келелі кездесуде Бас прокуратуралар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Астана мен Минск қалалары прокуратуралары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
21.07.2014
Жарты жылда Қазақстанда 10 мыңдай мүгедек жұмысқа тұрды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Премьер-министрі орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ведомства.
21.07.2014
«ҚазАгро» ұлттық холдингі 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын қаржыландырады – Айтжанов
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Астана-Боттлерс» кәсіпкерлігін қаржылай қолдай отырып 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосады. Бұл туралы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.
21.07.2014
ЕЭК алқасында экономика, қаржы және кедендік әріптестік мәселесі қаралды
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21-інші отырысында экономика мен қаржы саясаты, кедендік әріптестік жән техникалық реттеу саласы мәселелері қаралды, деп хабарлайды ЕЭК.