22.07.2014
ШҚО-да халықаралық жастар лагері ашылды
Шығыс Қазақстан облысында Алакөл өзенінің бойында «Алакөл алаулары» атты халықаралық жастар лагері ашылды, деп ШҚО-ның ақпараттық орталығынан хабарлады.
22.07.2014
СҚО-да мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге бизнестерін дамыту үшін арнайы грант берілді
Байқаудың бірінші айналымының жеңімпаздары және 200 мың теңге грантының иегерлері: Берік Рахымжанов, Салтанат Қарағожина мен Кенесары Жолдаяқов атанды.
22.07.2014
Қарабұлақ ауылында ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау аясында 2 инвестжоба жүзеге асырылады
Ақмола облысының Қарабұлақ ауылында мемлекеттік қолдау аясында 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Біріншісі – ірі тауарлық ет және сүт фермасын құру, екіншісі – қаздың етін өңдеу және өндіру. Әр жобаның құны 3 млн долл. құрады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
22.07.2014
Қостанай облысы қаржы поициясы мемлекеттік сатып алу саласында 24 жемқорлық қылмысын анықтады
Қостанай облыстық қаржы полициясы департаменті биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 24 жемқорлық қылмысын анықтады. Бұл жалпы тіркелген қылмыстардың (барлығы 84 қылмыс) үштен біріне тең, деп хабарлайды ҚР Жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі.
22.07.2014
Ұлттық банк ұлттық төлем жүйесін жасақтауда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ерікті түрде ұлттық төлем жүйесін жасақтауда. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады.