23.07.2014
Қазғарыш басшысы «Ғалам» БК Бақылау кеңесінің отырысына қатысты
Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев аталған жұмыс сапарының шеңберінде Бордо қаласында (Франция) болды, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.
23.07.2014
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы ІІМ-нің Алқа мәжілісіне қатысты
Бүгін Астана қаласында Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаровтың қатысуымен ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың төрағалығымен ІІМ кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті, деп ведомствода хабарлады.
23.07.2014
БҚА-да әуежай мен ҚТЖ қызметіне жеңілдік жасау мүмкіндіктеріне қатысты жиын өтті
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде төраға орынбасары Әлиақпар Матишевтің жетекшілігімен реттелмелі нарық доминанттары субъектілері қызметіне жеңілдік беру мүмкіндігі мәселесі бойынша жиын өтті. Оған мемлекеттік орган мен темір жол транспорты мен авиация саласындағы нарық субъектілерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ведомство.
23.07.2014
Жыл соңына дейін Алматы-Талдықорған автожолының 10 километрі тапсырылады – ККМ
Бүгінгі күнге бұл жолда көлемі 3,5 млн. куб метр топырақ жұмыстары орындалды, 10 км бойында асфальт-бетоннан, 29 км бойында цемент-бетоннан жамылғының төменгі қабаты төселді, деп көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.
23.07.2014
Павлодар облысының ҚХА-сы қайырымдылық концерттер өткізеді
Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық концерттер өткізеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Славян мәдени орталығының төрағасы Татьяна Кузина мәлім етті.