24.07.2014
ТМД елдері құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметі жарты жылда хабар-ошарсыз кеткен 300 адамды тапты
ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жарты жылда хабар-ошарсыз кеткен шамамен 300 адам табылды, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы жиында РФ ІІМ «Бас ақпараттық-сараптамалық орталық» ФКБ бастығы Павел Важев.
24.07.2014
Алматының аймақтық жалпы өнімі 7,9%-ға өсті
Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдоловтың баяндауы бойынша, қаланың АЖӨ үстіміздегі жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша 7,9%-ға өсіп, 1 397,4 млрд.теңгені құрады.
24.07.2014
Әділет органдарының 80%-ға жуық қызметі электронды түрде көрсетіледі
Алғашқы жарты жылдықта көрсеткен 6 млн қызметтің 79%-ын әділет органдары электронды түрде көрсетті, деп ҚР Әділет министрлігінен хабарлады.
24.07.2014
ХҚКО-ға бару уақытын электронды үкімет арқылы алдын-ала брондауға болады
«ХҚКО» РМК халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару уақытын алдын-ала броньдауға кеңес береді, деп байланыс және ақпарат агенттігінде хабарлады.
24.07.2014
Оралда жаңа ҚТҚ полигоны салынады
Бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны өзінің пайдалану мерзімін тауысып, енді жабылуы тиіс. Осыған орай Оралда жабылатын полигонның жанынадағы 54 гектар жерге жаңа полигон салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімі Алтай Күлгінов.