25.07.2014
Ақмола облысында АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асырылуда
Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында биыл өткен жылғымен салыстырғанда мал басы 13,2%-ға артып, жалпы саны 29,2 мыңды құрады, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
25.07.2014
Қазақстан гендерлік теңсіздік бойынша 25-ші орында тұр
БҰҰ даму бағдарламасы 2013 жылдың адам дамуы бойынша қорытындысында адам капиталы индексін жариялады, ол 187 ел мен аймақты қамтыды. Гендерлік теңсіздік бойынша Қазақстан 25 орынды иеленіп отыр, деп экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.
25.07.2014
Қазақстан Адам дамуының жоғарғы индексіне ие елдер қатарында
БҰҰ Даму бағдарламасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Адам дамуы туралы жыл сайынғы кезекті баяндамасында Адам дамуының индексі (АДИ) нәтижесін жариялады. Онда 187 ел мен аймақ қамтылған. Қазақстан осы мемелкеттердің арасында АДИ бойынша 70-інші орында, деп хаарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
25.07.2014
Оралда өткен бос орындар жәрмеңкесінде 66 адам жұмыспен қамтылды
Оралда жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
25.07.2014
«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайды экспорттау көлемі 3 млн тоннаны құрады
2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлесті есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 106 мың тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық, деп мұнай және газ министрлігінде хабарлады.