25.07.2014
Таразда ауыл жастарының спорттық ойындары өтеді
Таразда 6-10 тамыз аралығында ҚР ауыл жастарының II спорттық ойындары өтеді, деп спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік хабарлады.
25.07.2014
Ақмола облысының кәсіпорындары жарты жылда 129,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді
2014 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында аймақтағы кәсіпорындар 129,8 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
25.07.2014
Ақтөбе облысындағы көрме-конкурсқа 20 кәсіпорын қатысты
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-конкурсы өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
25.07.2014
Қостанай облысында 4,5 млрд теңге кедендік төлем мен салық мемлекеттік бюджетке төленді
Қостанай облысының Кедендік бақылау департаменті 4,5 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдермен салық жіберді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары, деп облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
25.07.2014
СҚО соттары 6 айда 8 мыңнан астам әкімшілік істі қарады
СҚО соттары 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 8134 әкімшілік істі қарады. Соның ішінде әкімшілік іс бойынша сот актілерінің 99,9 %-ы заңды және негізді болып табылады, дейді Солтүстік Қазақстан облысының сот төрағасы М.Әкетай.