28.07.2014
Қарағандыда көмір өндірісі құрылысының жобасы талқыланды
Қарағандыда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы басқарма төрағасы Хо Цинхуаның кездесуінде «Кузнецкий» разрезіндегі көмірхимиялық өндіріс құрылысы жобасы талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімі.
28.07.2014
Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жастар сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы хабарлады.
28.07.2014
Елбасы Генадий Головкин мен Винченцо Нибалиді құттықтады
Елбасы «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңіске орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.07.2014
Астанада қалдықтарды басқару саласын жаңғырту бойынша семинар өтті
Астана қаласында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары – бас мемлекеттік инспекторлары үшін қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мен қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту мақсатында «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өтті, деп ведомствода хабарлады.
28.07.2014
Приозерск қаласында суда құтқару стансасы ашылды
Приозерск қаласында жаңа суда құтқару стансасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.