28.07.2014
«Бәйтерек» ҰБХ» активтерінің көлемі 6 ай ішінде 2,1 трлн теңгені құрады
6 айдың қорытындылары бойынша Холдинг активтерінің көлемі 2 113 449 млн.теңгені құрады, деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
28.07.2014
ЕАЭО — өмірдің талабынан туған қадам – Ш. Саринов
Еуразиялық экономикалық одақ — өмірдің талабынан туған қадам. Көрші елдермен ынтымақтасып шара жүргізбей, көп мәселені шешу қиынға түседі. Алыс-беріс, сауда-саттықты әріптес елдермен дұрыс жолға қойғанда ғана шаруа оңға басады, деп Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шамиль Саринов өз пікірін білдірді.
28.07.2014
ҚТЖ-да ашық есік апталығы басталды
Бүгін Астанада «ҚТЖ»ҰК» АҚ орталық ғимаратында «Ашық есік аптасы» басталды. Шараның мақсаты «ҚТЖ»ҰК» АҚ компаниялар тобында жүріп жатқан Бизнесті транформациялау бағдарламасы туралы түсіндіру, ол 1 тамызға дейін жалғасатын болады, деп ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарлады.
28.07.2014
Қазақтелеком 6 ай ішінде 128 мың телефон орнатты
Есептілік мерзім ішінде компанияның телекоммуникациялық желілерінде телефония қызметтеріне жаңа абоненттерді қосу бойынша белсенді жұмыстар жалғасты, деп «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
28.07.2014
Әрбір 4-ші қазақстандық «Қазақтелеком» АҚ телефон нөмірін қолданады
100 тұрғынға телефондар тығыздығы 23,70 нөмірді құрады, деп «Қазақтелеком» АҚ хабарлады.