28.07.2014
Маңғыстау облысының ШОБ саласында 91 мыңнан астам адам жұмыс істейді
Маңғыстау облысында жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілері 30 мыңнан асты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,4%-ға артық, деп palata.kz хабарлады.
28.07.2014
Ертең Астанада ҚР Метрологтар кеңесінің отырысы өтеді
29 шілдеде «Astana Solar» ЖШС фотоэлектрикалық модульдер зауытының базасында Қазақстан Республикасы Метрологтар кеңесінің 5-інші отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
28.07.2014
1 тамыздан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарға 25 пайыздық жеңілдік енгізеді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздардың «Гранд» және «Бизнес» вагондарында жол жүруге 25 пайыздық жеңілдіктер енгізуде, деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
28.07.2014
1 тамыздан бастап Алматы-Ақтөбе бағытында жаңа пойыз жүретін болады
Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 «Алматы-2 - Ақтөбе» бағытындағы «Жібек жолы» жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады.
Құрам төрт күнде бір рет қатынайды, деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
28.07.2014
Қостанай облысында жалпы ішкі өнімнің көлемі 0,6%-ға ұлғайды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнімнің көлемі алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 2013 сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайып, 41,4 млрд. теңгені құрады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.