29.07.2014
Астана қаласының кәсіпкерлері шетелде халықаралық іс-тәжірибеден өтуге өтініш берді
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы аясында отандық кәсіпкерлік қызметкерлеріне арналған шетелде 12 айға дейінгі тегін іс-тәжірибе бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдауда, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
29.07.2014
«Энергетика саласындағы чемпиондар» байқауының жеңімпазына 4 млн теңге беріледі
Астанада тамыздың 16 күні «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы 25 маусымда жариялаған «Энергетика саласындағы чемпиондар» байқауының жеңімпаздары анықталады.
29.07.2014
Аралды дамытуға 8,6 млрд теңге қажет – аймақ басшысы
«Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленді. Жобаны Арал ауданының әкімі А.Мұхимов аудан активінде аймақ басшысы Қ. Көшербаевқа таныстырды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
29.07.2014
ОҚО-да кәсіпкерлердің 333 жобасы «БЖК-2020» бойынша субсидия алады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдың бірінші жартысының қорытындысымен экономиканың басым секторындағы 333 кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік субсидия мен кепілдік алады. Субсидияланатын жобалардың несиелік портфелі 94,31 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды «Даму» қоры.
29.07.2014
Павлодар облысының жеке меншік нотариустары 206,5 мың нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асырды
Павлодар облысы Әділет департаментінде кеңейтілген алқа отырысында 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жекеше нотариустармен 206 436 нотариаттық іс-әрекеттер жүзеге асырылған, бюджетте аударылған салық сомасы 38 439 514 теңгені құрағандығы анықталды, деп әділет министрлігінде хабарлады.