31.07.2014
Қазақстанда 2017 жылға қарай жаңа курортты қала пайда болады
2017 жылға қарай Ақкөл курортты қала статусына ие болады. Қонақтар мен туристерді мұнда ағылшындық және гермениялық архитекторлар жобалаған жаңартылған инфрақұрылымдар, желекжолдар мен жағалаулар күтеді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
31.07.2014
Қарағандыда Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша семинар өтті
Қарағандыда ҚР ЕХӘҚМ ұйытқы болуымен және АКП бірлесіп «Зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту» тақырыбында семинар өтті. Келелі кеңес әкімдіктердің әлеуемттік жұмысшыларының, сақтандыру компаниялары мен «ЗТМО» РМҚК-ның 50-ден астам өкілінің басын қосты, деп жазады palata.kz.
31.07.2014
Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолөнер көрмесі өтті
Талдықорған қаласында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасының аясында «Жетісу мейірімі» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнері бұйымдарының көрмесі өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
31.07.2014
Кәсіпкерлікті қорғау бойынша өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум қабылданды
Ақмола көлік прокуратурасы, Кәсіпкерлердің Астана қаласы бойынша аймақтық палатасы және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және есепке алу Комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум қабылдады, деп Бас прокуратурада хабарлады.
31.07.2014
Қызылорда облысында 115 млн теңгенің ветеринарлық лабораториясы аяқталуға жақын
Жалағаш ауданында 115 млн теңге тұратын ветеринарлық лабороторияның құрылысы аяқталуға жақын, деп облыс әкімдігінде хабарлады.