13.08.2014
«Қазпошта» БАӘ-нің поштасымен ынтымақтастық орнатады
Дубайда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Қайрат Лама Шариф «Emirates Post Group»-тың Атқарушы директоры Абдалла Мұхаммед әл-Ашраммен кездесті, деп СІМ-де хабарлады.
13.08.2014
Қазақстанда минералды тыңайтқыштармен құнарланған ауыл шаруашылығының алқабы 2 млн гектарды құрады
Минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған ауыл шаруашылығы алқабы 2002-2013 жылдар аралығында 322 мың га-дан 2 млн. 453 мың га-ға дейін өсті, деп «Strategy.2050 kz» АА берген сұхбатында «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ директоры Ерболат Бәзілжанов ағынан жарылды.
12.08.2014
Кеденшілер жеке шоттарды жүргізу мәселелерін талқылады
Қостанай облысында өткен дөңгелек үстелдің барысында 2014 жылдың шілде айы ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің қорытындылары бойынша тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кедендік төлемдер мен салықтардың жетіспеу фактілері талқыланды.
12.08.2014
Аэроұтқыр әскерлері Қазақстанды терроризмге қарсы оқу-жаттығуда таныстырады
Алматы облысының «Достық» бекетінде Аэроұтқыр әскерлерінің «Бейбіт миссия – 2014» терроризмге қарсы оқу-жаттығуына қатысатын жеке құрамын, қару-жарақ және әскери техникасын шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
12.08.2014
ШҚО-да азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Бидайдың жалпы өнімі 620 мың тоннадан асса, күнбағыс 290 мың тоннаға жуықтайды, картоп 484 мың тоннаны құрайды, деп хабарлады ШҚО-ның әкімі Бердібек Сапарбаев.