14.08.2014
Келер жылы Таразда Ардагерлер үйі ашылады
Таразда Ардагерлер үйін ашу жоспарлануда, бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтың ардагерлерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
14.08.2014
Ақмола облыстық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады
Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы азаматтарды жеке қабылдады.Сот төрағасының қабылдауында әр облыс аудандарынан келген азаматтар да болды, деп Жоғарғы сотта хабарлады.
14.08.2014
ҰҚШҰ жаттығуына 3 мыңға жуық адам қатысады
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл - 2014» оқу-жаттығуы 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында Қарағанды облысының «Спасск» полигонында өтеді, деп Қорғаныс министрлігі хабарлады.
14.08.2014
Жамбыл облысының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Аймақтың кәсіпкерлер кеңесінің отырысы ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Халижан Әбдрайымовтың қатысуымен Жамбыл облысында өтті. Кездесу Әкімдік пен Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.
14.08.2014
Қазақстанда энергетика саласында инновациялық жобалардың байқауы басталды
Қазақстанда KazINNO инновациялық жобалардың энергетика саласындағы байқауы басталды. Шараны ҚР инвестиция және даму министрлігі мен «Техникалық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырып отыр.