15.08.2014
«Денсаулық керуені» Қызылорда облысының аудандарын аралайды
Қызылордада «Денсаулық керуені» жұмысын бастады. Білікті маман дәрігерлер қамтылған топ облыстың барлық аудандарын араламақ, деп хабарлады облыс әкімдігінде.
15.08.2014
Аршалы ауылында мүмкіндігі шектеулі жандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған
Аршалы ауылында мүкіндігі шектеулі жандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысының Аршалы және Целиноград ауданында ұйымдастырылған баспасөз турында аудан әкімінің орынбасары Айна Мүсралимова мәлімдеді.
15.08.2014
Үкіметті қайта құру - мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын дамыту қадамы – Әміртаев
Үкіметті қайта құру - мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын дамыту қадамы, деп есептейді Қазақстан софтверлік компаниялар қауымдастығының президенті Азаматхан Әміртаев.
15.08.2014
ШҚО-да 3 жыл ішінде суармалы жерді дамытуға 3,4 млрд теңге бөлінді
ШҚО-ның Үржар ауданында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстың суармалы жерлерін дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Шараға ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев, облыстық және аудандық атқарушы органдардың жетекшілері, қала және аудан әкімдері қатысты.
15.08.2014
Өскеменде таңертеңгілік жаттығуды 2 мыңнан астам адам жасады
Спорт күні қарсаңындаӨскеменде 2 мыңнан астам адам «Салауатты ұлт – саламатты ұрпақ!» акциясына қатысты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.