18.08.2014
Мәскеуде ҚР тауарларын РФ-ға экспорттау мәселесі талқыланды
Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық кәсіпорындардың Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуы, Кедендік одақ аумағында Халықаралық жол тасымалы конвенциясын қолдану және қазақстандық азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау мәселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
17.08.2014
Астанада Спорт күніне орай «Көңілді старт» спорттық шарасы өтті
Астана қаласының «Алматы» ауданы аумағында 3 күнге созылған салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық бейімділікті күнделікті өмірде қалыптастыру мақсатындағы «Көңілді старт» спорттық шарасы өз мәресіне жетті, деп ауданның ресми сайты хабарлады.
17.08.2014
Ақтөбе облысының басшысы іс-сапармен Қарғалы ауданына барды
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарғалы ауданына жұмыс сапармен барып қайтты, деп хабарлады аймақ басшысының әкімдігі.
17.08.2014
Павлодарда аймақтық нормашығармашылығы жағдайы бойынша кеңес өтті
Павлодар облысында Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп «Павлодар облысындағы аймақтық нормашығармашылығының жағдайы. 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындылары» тақырыбы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлады Әділет министрлігі.
17.08.2014
Балалар ауруханасындағы емханалар кейбір бағыттар бойынша қызметті электронды түрде көрсетуде
Астанада №1 және 2 балалар ауруханасындағы консультативтік-диагностикалық емханалар кейбір бағыттар бойынша қызметті электронды түрде көрсетуде, деп астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі жергілікті денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.