18.08.2014
Интернет-ресурсын қолданушылар саны шілде айында 13 пайызға артты – Жоғарғы сот
Ағымдағы жылғы шілде айында Жоғарғы Соттың интернет-ресурсын қолданушылардың қатары тәулігіне орташа есеппен 2321 адамды құрады. Маусым айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13%-ға артқан, деп Жоғарғы сотта хабарлады.
18.08.2014
Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары басталды
Бүгін «Спасск» полигонында (Қарағанды облысы) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштері (ҰҚШҰ ҰЖДҚК) «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
18.08.2014
ШҚО-дан сенаторлыққа 4 үміткер ұсынылды
Шығыс Қазақстан облысының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына 4 кандидатты ұсынды.
18.08.2014
«Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 1080 мүгедек кәсіпкер көмекке ие болды
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бағдарламаның қорытындысын шығаруда. 1400 жіберілген өтініштің 1080 қолданды.
18.08.2014
ШҚО-да АӨСШК жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Өскеменде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі жастар кеңесінің (АӨСШК) алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.