19.08.2014
Жария ету жөніндегі комиссия Астана қаласының әр аудан әкімдігінің жанынан құрылды
Жария ету жөніндегі комиссия Астана қаласының әр аудандық әкімдігінің жанынан құрылды. Комиссия барлық деңгейдегі әкімдіктер жанында орналасқан, яғни Астана қаласындағы мүлікті жария ету жөніндегі құжаттарды қабылдау Алматы (Тәуелсіздік даңғылы, 7 үй), Сарыарқа (Сарыарқа даңғылы, 13 үй), Есіл (Қабанбай батыр даңғылы, 33 үй) аудандық әкімдіктерінің тиісті ғимараттарында өткізіледі, деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
19.08.2014
Сенат спикері мен Ұлыбритания Елшісі халықаралық жағдайды талқылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Кэролин Браунды қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
19.08.2014
«Абай» мен «Шәкәрім» шығармаларының әлемдік тұсаукесеріне орай Туссонда мәдени шаралар өтеді
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Омаров Аризона штатының Феникс және Меса қалаларында болып қайтты, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
19.08.2014
Қазақстан Президенті Талдықорғандағы тұрғын үй алабының жобасымен танысты
Қазақстан Президенті Талдықорғанда құрылыс саласының іске асырылу барысы мен «Қолжетімді баспана-2050» бағдарламасының іске асуымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
19.08.2014
Н. Назарбаев Талдықорғандағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кешеннің жұмысымен танысты
Президент Талдықорғандағы «Жерұйық - Талдықорған» АӨК» ЖШС-ға барды. Мемлекет басшысына нысанды аралау барысында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы, кәсіпорынның жұмысы мен жоспарлары жөнінде баян етілді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.