21.08.2014
Астанада 2017 жылы 4 жаңа колледж ашылады - Тасмағамбетов
Астанада 2017 жылы жалпы сыйымдылығы 3600 адамға жететін 4 жаңа колледж ашылады. Бұл туралы елорданың бiлiм қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.
21.08.2014
2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 30 тауарлы сүт фермасын қаржыландырады
2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры отбасылық 30 тауарлы сүт фермасын қаржыландырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлімдеді.
21.08.2014
15: 00 - қылмыстық заңнаманың және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне ауысу туралы брифингтің онлайн көрсетілімі
21 тамыз күні сағат 15:00-те Орталық комуникациялар қызметінде ҚР Жоғарғы соты өкілдерінің қатысуымен брифинг өтеді.ҚР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов және Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Жаңылсын Арқарова қатысатын брифинг «Қылмыстық заңнаманың және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне ауысу туралы» тақырыбына арналады.
21.08.2014
Африка құрлығы G-global-мен танысады
G-global әлемдік жаһандық диалогын қолдаушылардың қызығушылығы күн санап артып барады. Олардың бірі филосифия ғылымының доктары, Гвинея Республикасының Казақстандық-Африкалық Инвестициялық Кеңесінің президенті Ламин М. Диенг, деп хабарлады «Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы.
21.08.2014
ҚР Мемлекеттік хатшысы қылмыстық өндірістің жаңа үлгісіне көшу мәселелері бойынша кеңес өткізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.