22.08.2014
Қазақстанда бүлдіршіндермен жұмыс істейтін педагог-медқызметкер мамандығы пайда болады - А.Сәрінжіпов
Қазақстанда бүлдіршіндермен жұмыс істейтін педагог-медқызметкер мамандығы пайда болады. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
22.08.2014
А.Сәрінжіпов: Қосымша білім ғана оқушыларды инновацияға құштар етеді
Қазақстандық мектеп оқушыларына қосымша білім беру арқылы ғана инновацияға тәрбиелеуге болады, дейді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
22.08.2014
Қазақстанда инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны 10 пайызды құрады – Сәрінжіпов
Қазақстанда инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны 10 пайызды құрады, бұл туралы бүгін Қазақстанның білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің «Мемлекеттің, қоғам мен жеке тұлғаның тұрақты даму факторы ретінде білім берудің инновациялық стратегиясы» тақырыбындағы Республикалық Тамыз конференциясы барысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
22.08.2014
Қазақстанда 2014-2018 жылдар аралығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 700 мыңға артады - ДСӘДМ
Қазақстанда 2014-2018 жылдар аралығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 700 мыңға артады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов білім беру қызметкерлерінің Республикалық Тамыз жиынында.
22.08.2014
Қазақстанда апатты жағдайда тұрған 176 мектеп бар - Сәрінжіпов
Қазақстанда бүгінде апатты жағдайдағы 176 мектеп бар, олардың мәселесін шешумен Білім министрлігі айналысуда. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.