26.08.2014
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа қағидалары күшіне енді
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларындағы өзгерістер енгізілді, деп инвестиция және даму министрлігі хабарлады.
26.08.2014
ҚХР-да ШЫҰ мүше мемлекетердің оқу-жаттығулары басталды
"Чжужихэ" полигонында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің "Бейбіт миссия-2014" антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығулары басталды.
26.08.2014
ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшылығы тағайындалды
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшылығын таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
25.08.2014
Ақтөбе облысы халқының 91,3%-ы жыл соңына дейін құбыр суымен қамтамасыз етілетін болады
Ақтөбе облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша биыл жалпы құны 6 млрд теңгеге 17 елді мекеннің су құбыры желілерінің құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
25.08.2014
Алматы облысының Кеген ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды
Райымбек ауданы Кеген ауылында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.Аталған ғимараттың құрылыс және безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 266 млн. теңге қаржы бөлінді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.