26.08.2014
Партия алаңдарында жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жобасын талқылау аяқталуда
Бүгін Елорда әкімі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Астана қаласы саяси кеңесінің отырысында 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жобасын талқылау аяқталды.
26.08.2014
АЫСШК жастары Шығыс Қазақстанда ЭКСПО-2017 тақырыбына арналған квест ойынына қатысты
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Азиядағы ынтымақтастық пен сенім шаралары Кеңесінің (АЫСШК) жастар ұйымының бірінші кездесуі өтті, деп «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы хабарлады.
26.08.2014
Қазақ тілінде еркін сөйлей аламын – армян бірлестігінің мүшесі Татэвик Мамиконян
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына жаңа міндеттемелер қойды, ұлт руханиятының қазақстандық патриотизмді нығайтуды және дамытуды тапсырды, дейді Ақтөбе облысындағы «Урарту» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Татэвик Мамиконян.
26.08.2014
Жоғарғы сотта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өтті
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтің және Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
26.08.2014
Солтүстік Қазақстанда ТКШ мәселелері талқыланды
Облыстық әкiмдiктiң кезектi аппараттық кеңесiнде алдымен пәтер иелерi кооперативтерiнiң жұмысы қарастырылды. Облыстағы ПИК-тердiң жұмысы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Антон Федяев баяндады.