28.08.2014
Алматы облысында 1 қыркүйек күні 12 жаңа мектеп ашылады
1 қыркүйекте Алматы облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Соның 6-уының есебінен апатты және үш ауысымды мектептер саны азаятын болады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
28.08.2014
Ақмола облысында автоклавты газды бетон өндірісі бойынша зауыт іске қосылады
Ертең Целиноград ауданының Ақмол ауылында қуаттылығы 60 000 текше метрге жететін автоклавты газды бетон өндірісі бойынша зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
28.08.2014
Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концертке 20-дан астам ұжым қатысады
Бүгін елордалық Конгресс Холлда астаналық өнер ұжымдары мен арнайы шақырылған қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтуде.
28.08.2014
ҚР Ұлттық музейі мен «Исаакиевский собор» Ресей мемлекеттік музейі әріптестік меморандумына қол қойды
2014 жылдың 26 тамызында өткен Мемлекеттік «Исаакиевский собор» музей-ескерткішінің директоры Николай Буровтың ҚР Ұлттық музейіне сапары болды. Сапар кезінде екі мемлекеттің жетекші мұражайларының басшылары өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп МСМ хабарлады.
28.08.2014
Қазақстанда технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша 13 стартап компания жұмыс істейді
Қазақстанда технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша нарықта 13 стартап компания жұмыс істейді, деп хабарлады «Астана Innovations» АҚ инновацияға қолдау көрсету департаментінің директоры Саттар Өткелбаев.