29.08.2014
Астанадағы 3-інші Ұлттық кардиохирургтер конгресіне 500-ден астам дәрігер мен ғалым жиналды
Бүгін Қазақстан астанасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Назарбаев университетінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның Чикаго университеті және Дүниежүзілік Кардиоторакальді хирургтер Қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырған 3-інші Ұлттық кардиохирургтер конгресі ашылды.
29.08.2014
11: 00 - халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған брифингтің онлайн көрсетілімі
29 тамыз күні сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Қазақстанның халықаралық бастамасы - АТОМ жобасына арналған брифинг өтеді.Брифингке ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов , Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тиімді басқару және аумақтық даму департаментінің жетекшісі Айнұр Баймырза қатысады.
29.08.2014
Степногорск қаласында жыл басынан бері 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Степногорск қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында соңғы жылы қосымша 368 жаңа жұмыс орны ашылып, белсенді субьектілер саны 14%-ға артты, бюджетке салықтық түсімдер үштен бірге артып, 807 млн теңгені құрады. Бұл туралы қала әкімі Мұратбек Тақамбаев моноқалаларды дамыту бағдарламасының орындалу барысын бақылау мақсатында келген Ақмола облыстық мәслихат депутаттарына айтты.
29.08.2014
Е.Ыдырысов: Қазақстан мен Сингапур екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары аясында Сингапурға барып, СР Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен, СІМ Басшысы Касивисванатан Шанмугаммен, инновациялар саласындағы жетекші сингапурлық сарапшылармен кездесіп, Ли Куан Ю атындағы әйгілі Мемлекеттік басқару мектебінде дәріс оқыды.
29.08.2014
Қазақстан мен Польша сенаторлары парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюын талқылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары С. Дьяченко Польша Республикасы Сенаты заңшығармашылық жөніндегі комитетінің төрағасы Петр Зентарскиймен кездесті.