03.09.2014
Қазақстан мен Венгрияның ЖС Төрағалары сот жүйесіндегі ынтымақтастықты талқылады
Бүгін Астана қаласында Жоғарғы Сот ғимаратында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми елімізге ресми сапармен алғаш рет келген Венгрия Куриясының (Жоғарғы Соты) Төрағасы Петер Даракпен кездесті. Сапар Қазақстан Ресапубликасы Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің шақыруы бойынша жүзеге асты, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2014
Д.Джексон: Қазақстан сейсмологияны зерттеуде үздіктердің бірі бола алады
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әлемдегі атақты ғалым, Жер туралы ғылым мен белсенді тектоника департаменті профессоры, Bullard зертханасының директоры, Кембридж университетінің Жер туралы ғылым факультетінің деканы Джеймс Джексонмен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігі.
03.09.2014
Астанада Shape Eurasia 2014 Давос форумы өтеді
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен 6-7 қыркүйекте Назарбаев университеті қабырғасында 45 елдің жас лидерлері үшін диалог алаңына айналатын ShapeEurasia кездесуі өтеді, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2014
Е. Досаев: МАҚБ инспекциялар мен департаменттерінің қызметтері ЖАО –ға берілуіне байланысты жеңілдетіледі
Аймақтық жер инспекциялары мен архитектуралық құрылысты қадағалау департаменттерінің штат саны жергілікті атқарушы органдарға берілу арқылы қызметтері жеңілдетіледі, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
03.09.2014
Астанада жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді
Астанада 5-7 қыркүйек аралығында жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді, деп мәлімдеді «Атамекен Startup» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.