04.09.2014
2014 жылы балалар үйінің 7 мыңдай тәрбиеленушісі депозиттік шот ашты – БҒМ
2014 жылы Сара Назарбаеваның қолдауымен балалар үйінің 6889 тәрбиеленушісі депозиттік шот ашты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР БҒМ Балалақ құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева.
04.09.2014
«Астана-Бәйтерек» монументінің жаңаша жарықтандырылуы энергияны 7 есеге дейін үнемдейді
«Астана-Бәйтерек» монументі сәулетінің жарықтандырылуын алмастыру жобасы 2013 жылы іске асырылды.
04.09.2014
Қазақстанда балалар үйіндегі бір баланың жылдық қажетіне 1,5 млн теңге жұмсалады (Брифинг бейнебаяны)
Астанада балалар үйіндегі бір баланың қажетін толық қамтамасыз ету үшін жылына 1,5 млн теңге, айына-118 мың теңге, күніне – 4 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы ОҚК брифингi барысында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Мәншүк Әбдiкәрiм мәлiмдедi.
04.09.2014
2015 жылдан бастап бала асырап алған әр адамға мемлекет 150 мыңға жуық теңге төлейтін болады
2015 жылдың қаңтарынан бастап жетім баланы асырап алған ҚР азаматтарына бір реттік төлем 148 650 теңге төленетін болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ҒБМ балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Забира Оразалиева хабарлады.
04.09.2014
Қазақстанда 2020 жылға дейін жетім балаларға арналған отбасылық типтегі 9 мекеме пайда болады
Қазақстанда 2020 жылға дейін жетім балаларға арналған отбасылық типтегі 9 мекеме пайда болады, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева