05.09.2014
С. Лавров: Қырғызстанның КО мен ЕАЭО-ға кіруі туралы келіссөздер аяқталуда
Қырғызстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы келіссөздер аяқталып қалды. Бұл туралы 4 қыркүйекте РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров қырғызстандық әріптесі Эрлан Абдылдаевпен болған келіссөз қорытындысы бойынша хабарлады.
05.09.2014
Қызылордада ғалымдар күріш өндірісін дамыту мәселесін талқылауда
Батыс және Орталық Азия елдерінің ғалымдары Қызылордада бас қосып, күріш өндірісін дамытудың жай-жапсарын талқылады. Сыр өңірі еліміздің күрішке деген сұранысының 95 пайызын қамтып отырған аймақ, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
05.09.2014
Д.Айтенова: Ақтөбе облысында биыл 3 кәсіпкерлік жекешелендірілді
Биыл Ақтөбе облысында мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, баспа және редакция қызметтерімен айналысатын 18 кәсіпкерлік жекешелендіріледі. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында облыстық қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары Дина Айтенова мәлімдеді.
05.09.2014
Ақмола облысында жыл соңына дейін сумен қамтамасыз ететін 11 нысан іске қосылады
2014 жылы сумен қамтамасыз етудің 11 нысанын іске қосу жоспарланған, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
05.09.2014
БҰҰ ДБ Қызылорда облысында жаңа жобаны жүзеге асырады
«Жасыл экономика» қағидатын орындау мақсатында Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының «Даму» бағдарламасы аймақта пилоттық жобаны іске асырмақ, деп облыс әкімдігінде хабарлады.