05.09.2014
«AtamekenStartup» бизнес-идеялар байқауы қатысушылар жобасын бизнеске айналдырады – Тазабеков
«AtamekenStartup» бизнес-идеялар байқауының 500 жобасының 40-50 шынайы жүзеге асады. Бұл туралы республикалық байқаудың ашылуында «AtamekenStartup» ҚҚ директоры Нұрлан Тазабеков мәлімдеді.
05.09.2014
Астанадағы «AtamekenStartup» бизнес идеялар байқауына 200-ден астам кәсіпкер қатысуда (ФОТО)
Аталмыш байқау кәсіпкерге оның стартап-жобасын іске қосуға мүмкіндік береді. Байқаудың жүлде қоры бағалы сыйлықтар түрінде үш номинация бойынша 3 млн теңгені құрады.
«Бүгін біз Астанада бизнес идеялар байқауы «AtamekenStartup» сайысын өткіземіз. Біз оны 2012 жылдан бері Астанада алғаш өткізгелі тұрмыз, оның үстіне ол республикалық деңгейдегі сайыс. Оның басты ерекшелігі ол үш номинация бойынша өткізіледі және жүлде қоры 3 млн теңгені құрады», - деді «AtamekenStartup» ҚҚ директоры Нұрлан Тазабеков.
Сонымен қатар, Қор директоры байқаудың үлкен жетістікке жеткенін және жастардың оны күтетінін тілге тиек етті.
«Байқауға қатысуға 200 астам адам тіркелді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Оны ҰКП ұйымдастырады және ол өз тарихын 2012 жылдан бастап келеді. Осы уақыт аралығында дәл осындай 29 шара өткізілді. Кейбір қалаларда мұндай байқаулар үш реттен өтті. Байқау үлкен табысқа жетті және жастар бізді жыл сайын үлкен ықыласпен күтеді», - деп сендірді Н. Тазабеков.
05.09.2014
Абай оқуларына қатысу үшін Семейге 65 оқушы жиналды
Орта мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық Абай оқулары байқауына қатысушылар Семейге келді, деп қала әкімдігінде хабарлады.
05.09.2014
«Еңбек адамы» байқауына 30 ақмолалық қатысады
30 ақмолалық ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның еңбек жастары мен ауыл жастары қауымдастығының бірлесе ұйымдастырған «Еңбек адамы» атты жұмысшы жастар арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтініш берді.
05.09.2014
Қазақстан мен Катар бірқатар сала бойынша ынтымақтастық орнатады
Доха қаласында (Катар) Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қанат Саудабаев және Катардың даму қорының бас директоры Ахмед бен Мухаммед Аль-Мерейхи екі Қор арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.