09.09.2014
Жаңа заң жобасына дауды сотқа дейін реттеу тәртібі енгізіледі – Сенат депутаты
Жаңа заң жобасына дауды сотқа дейін реттеу тәртібі енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Людмила Полторабатько Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында.
09.09.2014
ҚР Сенатында сот жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасы қаралды
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР «Сот жүйесі мен ҚР сот статусы туралы» Конституциялық заңы бірінші оқылымда қаралды.
09.09.2014
Қазақстан мен Иран 500 млн долларды құрайтын келісімге қол қойды
Қазақстан-иран бизнес-форумы аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде геология, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, логистика, туризм және құрылыс материалдарын өндіру салалары бойынша жалпы сомасы 500 млн доллар болатын келісімдерге қол қойылды, деп инвестиция және даму министрлігі хабарлады.
09.09.2014
«Мерейлі отбасы»: Есқожиндер әулеті 340 баланы тәрбиелеп өсірді
Есқожиндер әулеті Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында тұрады. Бұл отбасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды тәрбиелеуге өз өмірлерін арнап, қайырымдылық-отбасылық балалар үйін құрды.
09.09.2014
Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық 1 қазан күні аяқталады - әкімдік
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі штабтың кеңейтілген көшпелі мәжілісі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.