11.09.2014
12:00 – ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
11 қыркүйек күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Ақылбай және Рашит Ахметовтың қатысуымен брифинг өтеді.
11.09.2014
Рафаэль Надаль жас теннисшілермен шеберлік сабағын өткізеді
Атақты спортшылардың Астанаға ат басын бұруы көрсеткіш ойындармен шектеліп қалмайды. Надаль мен Цонга «TeamKazakhstan» академиясының шәкірттері дарынды қазақстандық жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізеді. Сонымен қатар, олар Назарбаев Университетінің студенттері мен «Хейлибэри» халықаралық мектебінің оқушылары және өзінің жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді.
11.09.2014
Әлемдік теннис жұлдызы Рафаэль Надаль Астанада өнер көрсетеді
25 қыркүйекте Астанадағы Ұлттық теннис орталығында әлемдік теннистің аты аңызға айналған жұлдызы, дүние жүзінің ең үздік спортшыларының бірі –олимпиада чемпионы Рафаэль Надальдың көпшілікке арналған ойыны өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Теннис Федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді.
11.09.2014
Ақтөбе облысының мәдениет пен білім нысандары жылу маусымына 100% дайын – әкімдік
Жылу маусымына Ақтөбе облысының білім және мәдениет нысандары 100 пайыз дайын, деп хабарлады облыс әкімдігі.
11.09.2014
Түркияда Халықаралық мәдениет және өнер фестивалі аясында "Қазақстан күндері" өтті
Анкара қаласында 11-ші Халықаралық «Мәдениет және өнер фестивалі» аясында Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан күндері өткізілді.