12.09.2014
Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің өнімін өндірді
2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығында облыстың кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің тауар өнімін өндірді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен өндірістік сектор жетекшілерінің жыл соңына дейінгі міндеттемелері мен 2014 жылдың алғашқы 8 айының өнеркәсіптік дамуының қорытындысы туралы жиын барысында айтылды.
12.09.2014
Елбасының қазақ тілі туралы айтқандары ұлтымыздың ұлы мақсатымен қабысып жатыр – Қ.Қайненов
Бүгінде барша қазақстандық Елбасының Ұлытаудың баурайында тілшімен тілдескен сәтінде айтылған әңгімелер әсерінде. Әсіресе, Елбасының қазақ тілі туралы айтқандары ұлтымыздың ұлы мақсатымен қабысып жатыр, деп Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қилымғали Қайненов өз пікірін білдірді.
12.09.2014
Санкт-Петербургте халықаралық мамандарға Қазақстанның мәдениет саясаты түсіндірілді
Санкт-Петербургте (Ресей) «Музейлер және билік» атты Халықаралық конференция өткізілуде. Бірегей отырысқа 31 мемлекеттің 400-ге жуық жетекші мамандары жиналды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
12.09.2014
Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО)
Кеше Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер достас армияларының табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша чемпионаты жалауын көтерді.
12.09.2014
И.Аймағамбетов: Қазақстанның дамыған әлем елдерінің 30-дығына ену жоспары айқын
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елге кіруіне «Қазақстан-2050» Стратегиясы бастау болады. Мемлекет басшысының осы тұрғыда медицина мен білім беру салаларына басымдылық беріп отырғаны да тегін емес. Азаматтардың денінің саулығы – елдің әлеуметтік және экономикалық өрлеуінің кепілі болып табылады, деді ҚР еңбек сіңірген дәрігері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Ізбасқан Аймағамбетов strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.