16.09.2014
Қазақстан халқының саны ағымдағы жылдың 1 тамызында 17 308,7 мың адамды құрады
2014 жылы 1 тамызында еліміздегі халық саны 17 308,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 541,8 мың (55,1%), ауылдықтар – 7 766,9 мың адамды (44,9%) құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
16.09.2014
10:00 - Душанбеде ШЫҰ мүше елдердің Басшылары кеңесі отырысының қорытындылары туралы брифингтің онлайн көрсетілімі
16-қыркүйекте сағат 10:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болатын брифингке Қазақстан Республикасының ШЫҰ жұмысы жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ Айырықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев қатысады.Тақырыбы: «Душанбе қаласындағы ШЫҰ мүше елдердің Басшылары кеңесінің отырысының қорытындылары туралы».
16.09.2014
Н.Назарбаев: Қандай жағдай болса да халықтың әлеуметтік ахуалы нашарламауы тиіс
К.Мәсімов Мемлекет басшысына Үкімет жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
15.09.2014
ШҚО командасы Ұлттық спорт ойындарында Президент жүлдесін ұтып алды
Өскеменде ҚР Президентінің жүлдесіне арналған V Ұлттық спорт ойындары аяқталды. Оған еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіп алды.
15.09.2014
Бразилияда Қазақстанның халық әртісі А. Мұсаходжаеваның кеші өтуде
2014 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және ҚР және Бразилия Мәдениет министрліктері мен басқа да мемлекеттік ведомстволарының қолдауымен, екі мемлекеттің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту әлемге әйгілі қазақ скрипкашысы, ҚР халық әртісі Айман Мусаходжаеваның Бразилиядағы концерттері басталды, деп ҚР СІМ-де хабарлады.