25.09.2014
Қазақстанда ұйымдарды экстремистік деп тану мерзімі заң бойынша қысқартылады
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қабылдаған «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
25.09.2014
Еңбек күні мерекесі аясында кәсіподақ көшбасшылары тәжірибе алмасты
«Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Абдрахманов Бейсенбай бастаған аудандық және қалалық кәсіподақ басшыларының делегациясы ресми сапармен Қостанай облысында болды.
25.09.2014
Алматыда әлемнің 250-ден астам маманы уран өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылайды
2014 жылғы 25-27 қыркүйек күндері Алматыда «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (ХҒТК) өтеді. Конференцияны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ұйымдастырып отыр.
25.09.2014
Сенат мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттер шегін белгілейтін заңды қабылдады
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлу мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
25.09.2014
12:00 – Қ.Сұлтановтың қатысуымен өтетін брифингтің онлайн көрсетілімі
25 қыркүйек күні сағат 12:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың қатысуымен брифинг өтеді. Онда «Қазақстандық қоғамның рухани-мәдени дамуы туралы» сөз болады.