29.09.2014
Ақмола облысында 8 айдың ішінде 180,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді - әкімдік
Осы жылдың 8 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімі нақты көлемінің индексі 104,3%-ды құрап, 180,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорындар өнімнің 34,7% теңгелік өнімін өндірді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
28.09.2014
Алматыда Дүниежүзілік туризм күні тойланып жатыр
Алматыда Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Үміт» атты қалалық мереке өтіп жатыр.
28.09.2014
ТҮРКСОЙ өкілдері Ұлытау өңірінде жаңа мәдени ескерткіштер орнату туралы резолюция қабылдады
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйым өкілдері «Ұлытау – Ұлы мекенім» халықаралық форум қорытындысы бойынша Ұлытау өңірін дамыту мен аймақты мәдени туризм орталығына айналдыру мақсатында өңірінде жаңа мәдени ескерткіштер орнату мен ескірген ескерткіштерді қалпына келтіру туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
28.09.2014
2014 жылдың тамыз айында бір жұмысшы жалақысы 121 763 теңгені құрады – ҰЭМ
2014 жылдың тамыз айында бір жұмысшының орташа айлық жалақы көрсеткіші 121 763 теңгені құрады. 2013 жылдың тамыз айындағымен салыстырғанда номиналды жалақының индексі 110,7% құраса, нақты көрсеткіште 103,3%-ға жетті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
28.09.2014
АЛТЕЛ Семейде LTE (4G) желісін іске қосты
«Қазақтелеком» АҚ үлескер компаниясы, қазақстандық тұңғыш ұялы байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда LTE (4G) мультитехнологиялық желісін кеңейтіп жатыр. Компания Семей қаласында төртінші толқынды жоғары жылдамдыққа ие желіні коммерциялық пайдалануға ұсынды.