29.09.2014
Алматы маңынан пәтер алу үшін 5 минуттың ішінде 520 онлайн-өтінім келіп түсті – «Самұрық Қазына» АҚ
Бүгін сағат 10.00-де «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде Алматы маңында «Асыл арман» тұрғын кешенінен пәтер алуға Интернет арқылы өтінім қабылдауды бастады.
29.09.2014
СҚО-да дуалды оқыту бойынша 2 мыңнан астам маман дайындалады
Солтүстік Қазақстан облысында дуалды оқыту бойынша 2 мыңнан астам маман дайындалады. Бұл туралы СҚО КП жұмыс тобы ТжКБ ұйымдарының оқыту жоспарына өзгертулер енгізу мақсатында аймаққа жасаған сапары барысында мәлім болды.
29.09.2014
Қазақстан Оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Қытайға астық экспорттамақ-Хасенов
Қазақстан Қытай Халық Республикасы аумағымен транзит арқылы Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiне бидай жеткiзудi көздеп отыр. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингi барысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлiмдедi.
29.09.2014
2014 жылғы астықтың сапасы өткен жылдыкімен салыстырғанда жоғары – Хасенов
2014 жылғы астықтың сапасы өткен жылдыкімен салыстырғанда жоғары, деп мәлімдеді бүгін ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
29.09.2014
Қазақстанда жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрады – АШМ
Қазақстанда жеміс-көкөністерді сақтау көлемі 1 млн 100 мың тоннаны құрады.Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлiмдедi.