30.09.2014
Қазақстандық мұнай-газ құрылғыларын өндірушілер халықаралық көрмеге қатысты
Сүргіт қаласындағы 19-шы халықаралық мамандандырылған «Сүргіт. Мұнай және Газ-2014» көрмесінде 4 қазақстандық өндірушінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «KAZNEX INVEST».
30.09.2014
КО техрегламенті автомобильдік көліктердің сәйкестілігін бағалаудың қағидалы жаңа тәртібін бекітеді –ИДМ
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 қаңтарындағы №877 шешімімен бекітілген 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламенті күшіне енеді, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.
30.09.2014
«ҚазАгро» Холдингі несиелер қорының 86 пайызын ШОБ субъектілерін қаржыландыруға ұсынды
Холдингтің несиелендіру құрылымында ағымдағы жылдың басынан несие қорының 86 пайызға жуығы ШОБ субъектілерін қаржыландыруға жұмсалған, деп хабарлады ҚазАгро.
30.09.2014
Қазақстанның барлық оқу орындарында Президент Жолдауының үгіт-насихат тобын құру ұсынылуда
Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттарын сараптамалық талдау бойынша сарапшылар отырысында ЖОО шәкірттері мен қызметкерлерін кеңінен қамту мақсатында жоғары білікті мамандардан тұратын әр оқу орнында Президент Жолдауының үгіт-насихат тобын құру туралы ұсыныс айтылды.
30.09.2014
Қазақстан жастарына ҚР Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары түсіндірілді
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі басымдықтары мен сарапшылық ой қалыптастыру бойынша сарапшылар тобының 1-ші отырысы өтті.Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін тарту арқылы насихаттау қаралды.