03.10.2014
«Standard&Poor's» «Қазақтелеком» АҚ несиелік рейтингі болжамын жақсартты
«Standard&Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі «тұрақтылық» және «позитивтілік» талаптары бойынша «Қазақтелеком» АҚ несиелік рейтингінің болжамын қайта қарап, оның ұзақмерзімді несиелік рейтингін «ВВ» деңгейіне көтерді, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ ресми порталы.
03.10.2014
Қазақстандық боксшылар жазғы Азия Ойындарында 8 медаль алды
Қазақстан ұлттық бокс құрамасының XVII жазғы Азия Ойындарынының ақтық жекпе-жектеріндегі қорытындысы: 6 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде. Бұл нәтиже – тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихындағы бұрын-соңды болмаған жемісті көрсеткіші, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
03.10.2014
Алматы облысы кәсіпкерлері Қытайлық әріптестерімен кездесті
Сиань қаласында Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы түрлі салалар бойынша Қытай компанияларының үздік жүздігіне кіретін өнеркәсіптік компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҰКП.
03.10.2014
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге бөлінеді
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін Сенаттың аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің балық шаруашылығы мен су шаруашылығын дамытуға қатысты көшпелі отырысында комитет хатшысы Ж.Нұрғалиев.
03.10.2014
СҚО-да 12 оқытушы Ұстаздар күнінде демалыс-шипажай еміне жолдама алды – әкімдік
Ұстаздар күніне арналған салтанатты шарада Солтүстік Қазақстан облысының 12 оқытушысы әкімнің қолынан демалыс-шипажай еміне сертификат алды.