07.10.2014
«Электрондық құжат айналымы» жүйесінің арқасында 50 мыңнан астам тонна қағаз үнемделді
Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылдың ішінде 53,68 тонна қағазды үнемдеуге мүмкіндік берді.
07.10.2014
Астанада «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум басталды
Бүгін Астанада Global e-Government Forum 2014 форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараға БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары У Хунбо және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ 70-ден астам мемлекеттің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар мен АКТ саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.
07.10.2014
Молдовалық дипломаттарға этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі таныстырылды - ҚХА
Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андрей Галбурмен кездесті.
07.10.2014
Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының жаңа мақсаттары Астанада өтетін семинарда талқыланады
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ертең екі күндік «Этносаясат және этникаралық қарым-қатынас саласындағы ғылыми зерттеулердің қорытындылары бойынша ұсыныстар дайындау технологиясы» әдістемелік семинар-тренингі басталады.
07.10.2014
Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді – БҒМ
Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.